✨Рахмет, сізге, Ана, Мені тастап кетпегеніңіз үшін, Жетім бала етпегеніңіз үшін! Тектілігіңізді жоғалтпай, Темекі де шекпегеніңіз үшін! 💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Жаман жолға түспегеніңіз үшін, Адал еңбек істегеніңіз үшін! Балаңызды ойлап болашақ, Арақ-сыра ішпегеніңіз үшін!💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Әркімді бір сүймегеніңіз үшін, Әркімге бір тимегеніңіз үшін! Ұрпағыңыз үшін үнемдеп, Қымбат киім кимегеніңіз үшін!💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Маған бәрін әпергеніңіз үшін, Мінезімді көтергеніңіз үшін! Он екі мүшемді сау қылып, Дүниеге әкелгеніңіз үшін! 💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Кінәм болса, кешіргеніңіз үшін, Ауыр бейнет кешіргеніңіз үшін! Ауырмайтын, аман-сау Адам қылып өсіргеніңіз үшін! 💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Сіздің әрбір жылағаныңыз үшін, Жоқтан барды құрағаныңыз үшін! Бақыты үшін балаңыздың, Барлығына шыдағаныңыз үшін! 💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Арсыз іске бармағаныңыз үшін, Аборт жасап, алмағаныңыз үшін! Біздерді ойлап, шырылдап, Бар өміріңізді арнағаныңыз үшін!💫 ✨Рахмет, сізге, Ана, Болашақ менің баламның атынан, Бұрынғы ата-бабамның атынан, Жеті миллиард адамның атынан, Он сегіз мың ғаламның атынан, 💫 💖РАХМЕТ, СІЗГЕ, АНА! ❤💚💜💙💛